Жетісу облысында 29 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысында прокурорлар кәсіпкерлерге 80 миллион теңгеден аса қаржыны қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурорлар 50-ден аса кәсіпкердің құқығын қорғап, орындалған келісімшарттар бойынша оларға тиесілі қаражатты қайтады.

"Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес кепілдік сомалары кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін дереу қайтарылуға тиіс болатын. Алайда жергілікті атқарушы органдар 80 миллион теңге көлемінде тиісті соманы қайтармаған", - деп жазылған хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге қаражат қайтарылып, заңбұзушылыққа жол берген 29 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!