Су тасқыны: қанша адам үйіне оралды?

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері су тасқынына қатысты кейінгі деректерді жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, республика бойынша 48750 адам үйіне оралды.

"8378 жеке тұрғын үй мен 2994 ауладан су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 14,6 миллион текше метрден аса еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 миллион қапшық және 1,5 миллион тоннадан аса инертті материал төселді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін еліміздің бірқатар аймағында су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жалғасып жатқаны хабарланды. Сонымен қатар, зардап шеккен қазақстандықтарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.

Ал Үкімет тұтынушылардың коммуналдық төлемдерін төлеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз