Александр Бублик әлемнің 4-ракеткасынан қатарынан жетінші рет жеңілді

Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевке тап болды. 

Осыған дейін қарсыластар өзара алты рет кездесіп, бәрінде ресейлік спортшы жеңген екен. 
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Медведев сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Мадрид мастерс жарысының төртінші айналымына дейін жеткен Бублик ATP Live рейтингісінде 17-орынға шығып тұр. Бұл оның жеке рекорды болмақ.

Александр Бублик сонымен бірге Канада өкілі Денис Шаповаловпен бірге жұптық сындағы матчында да жеңілді. Қазақстандық-канадалық теннисшілер ұлыбританиялық Джейми Маррей және жаңазеландиялық Майкл Винустен 3:6, 2:6 есебімен жеңілді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!