"Көзқарасты кеңейтейік, қыздар". Ерке Есмахан сөмкесіне тағы шүйліккендерге жауап берді

"Көзқарасты кеңейтейік, қыздар". Ерке Есмахан сөмкесіне тағы шүйліккендерге жауап берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Ерке Есмахан сөмкесіне тағы шүйліккендерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Менің сәнді сөмкеме қызыққан адам да көп және түсінбегендер де жеткілікті. Әйтеуір сөмкемен проблема. Сән әлемінде қазір осындай тренді. Сөмкеге ойыншық, моншақ, жіп, құлп іліп қою. "Мектепке баратын қыздар сияқты немене істеп алғансың?" деген ханымдарға сәлем. Көзқарасты кішкене кеңейтейік, қыздар. Сын, мін іздемей. Әрнәрседен әдемілік, жеңілдік, шынайылық көруге талпынайық", - дейді әнші. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек