Павлодар облысында прокурордың көмекшісі асылып қалды

Павлодар облысы Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі асылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

29 жастағы азамат қызметтік пәтерінде асылып өлген. Ол жұмыс бабымен Баянауылда жалғыз тұрған. Ал әйелі мен баласы Астанада тұрады.

Прокуратураның ішкі қауіпсіздік қызметі барлық материалды полицияға тапсырған. Тергеудің екі бағытта жүріп жатқаны айтылды.

Е.Базарқұл

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!