Су тасқыны: СҚО-да қанша адам өтемақы алды?

Су тасқыны: СҚО-да қанша адам өтемақы алды?
Фото: t.me/skoakimdik

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин өңірде қанша адам көмек көрсетілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғайсиннің дерегінше, 14 388 адам эвакуацияланды. 764 адам үйлеріне оралды, 13 624 адам эвакуациялық пункттерде орналасқан.

"Су тасқыны кезеңінде 3 898 тұрғын үй мен 3 617 тұрғын үй маңындағы аула су астында қалды. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланды. 764 адам үйлеріне оралды, 13 624 адам эвакуациялық пункттерде орналасқан. 34 саяжай серіктестігі немесе 3031 құрылысы бар саяжай учаскесін су басты, оның ішінде 75 саяжай жалғыз тұрғын үй болып табылады, заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін олар бойынша төлемдер жасалады", – дейді Серік Ғайсин.

Бүгінгі таңда "Қазақстан халқына" қорымен құны 2,7 милииард теңге болатын бір үлгідегі 100 тұрғын үй салу жөніндегі меморандумға қол қойды.

"Бүгінгі таңда 2 666 отбасы 100 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 984,3 млн теңге біржолғы төлем алды", - деді Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев