Бишімбаевтың бұрынғы әйелі өзін хайп қуды деп айыптағандарға жауап берді

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман өзін хайп қуды деп айыптағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назым Қахарман әлеуметтік желіе көпті алаңдатқан сұрақтарға жауап бере бастағаннан кейін көптеген адам оны хайп қуып жүр деп айыптай бастаған болатын. 

"Осы оқиғадан кейін (Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевтың қызын қорлады деген қауесеттен соң) мен ел алдына шыға бастадым. Себебі тағылған айыптардыы теріске шығарып, видео үндеу жасамақ болдым. Үш үндеу жаздым. Бұған дейін тек көңіл айтқан едім. Сондықтан мен айп қуып жүр дегендерге айтарым бәрі осы оқиғадан басталды. Ал одан кейін менің тәжірибем көп адамға қызық болды", - дейді Назым Қахарман. 

Айта кетейік, Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл некеде болған. Олар 2020 жылы ажырасып кеткен. Назым Қахарман мен Қуандық Бишімбаевтың үш баласы бар.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы сот отырысынан кейін алғаш рет сұхбат берген болатын.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!