Олимпиада ойындарының жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turaninfo.kz-ке сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "№7 облыстық мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі" КММ басшысы болып Ақжүрек Таңатаров тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы Жам­был облысы Құлан ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен еліміздің төрт дүркін чемпионы. 66 келі салмақ дәрежесінде Лондон олимпиадасынының қола медаль иегері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!