Юлия Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева Мадридтегі "Мастерс" турнирінің екінші айналымындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Путинцева бұл кезеңде әлемнің сегізінші ракеткасы, қытайлық теннисші, биылғы Australian Open турнирінің финалисі Чжэн Цинвеньмен кездесті.

Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Путинцева 2:0 есебімен алға шыққанда қарсыласы ойынды жалғастырудан бас тартты.

1 сағат 24 минутқа созылған бәсеке кезінде қазақстандық бір эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Путинцева келесі айналымда америкалық Кэролайн Доулхайдпен шеберлік байқасады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да осы турнирдің үшінші айналымына шыққанын жазған едік. Ол екінші айналымда италиялық теннисші Лючия Бронцеттиді екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Енді Рыбакина келесі кезеңде мысырлық теннисші Майар Шерифпен кездеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!