Күдікті зат тауып алған жағдайда не істеу керек?

Ішкі істер министрлігі өкілдері азаматтарға күдікті зат тауып алған жағдайда не істеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілдері мұндай жағдайда күдікті затты ашпауға кеңес берді. Сондай-ақ, уақытқа да мән берген жөн екен:

  • табылған затты ұстамаңыз, жылжытпаңыз, ашпаңыз;
  • заттың табылған уақытын есте ұстаңыз;
  • табылған заттан адамдарды алшақтатуға тырысыңыз;
  • шұғыл қызметтер келуін күтіңіз.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны хабарланған еді.

Заң бойынша қоғамдық тәртіпті бұзатын немесе азаматтардың не ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын көрінеу жалған ақпарат ретінде танылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!