Жұмыста біреу сізге дөрекі сөйлесе не істеу керек?

Жұмыста біреу сізге дөрекі сөйлесе не істеу керек?
Фото: ru.freepik.com

Ата-анамыз балалық шақта бізді сыпайы болуға үйретеді. Алайда ересек өмірде барлық адам бірдей бұл ережені сақтамайды. Өмірінде бір рет болсын қызмет көрсету саласында жұмыс істеп көрген адам дөрекі сөздер айтатын, дауыс көтеріп сөйлесетін, айқайлайтын адамдар болатынын біледі. Олардың мұндай әрекетіне шыдау жағымсыз. Алайда жауап беріп, оған да тіл тигізу де - жақсы идея емес. Ендеше, мұндай жағдайда өзіңізді қалай ұстау керек? Психолог Михаил Лабковский өзінің телеграм-каналында осыған қатысты өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бетпақ адамдар" өздерін құрметтемейді

Бір күні барлық адам дөрекілікке жолығады. Әдетте адамдар тәрбиесіздікке эмоционалды түрде әсер беруге бейім: біреулердің көңілі түседі, біреулер оған да дөрекі жауап береді, ал басқалар көңіліне алып, бәрін ішінде сақтайды.

Ең алдымен мынаны түсіну керек: егер адам сізбен дөрекі сөйлессе, бұл сіздің емес, оның проблемасы.

"Егер біреу бұрыннан басқаларды "дәрежесі биік" және "қарапайым" деп бөлетін болса, осы өзінің ойдан шығарған рейтингінде төменде тұрған адамдармен әдейі дөрекі сөйлессе, бұл тек бір нәрсені білдіреді: мұндай адамға өзін-өзі құрметтеу жетіспейді", - дейді психолог Михаил Лабковский.

Олардың комплекстері - олардың проблемасы. Алайда олардың мұндай әрекетіне қалай әсер беру керек?

Бәрі өз қолыңызда

Әрине, жұмыс орнында бізді нұсқаулықтар мен ережелер шектейді. Алайда сіздің келісім шартыңызда кез келген дөрекілікке шыдау керек деген міндет жазылмаған шығар. Қайда жұмыс істесеңіз де, қай жерде жүрсеңіз де, сізде бәрібір жеке шекера бар. Сіздің оны қорғауға толық құқығыңыз бар. Сіз адамдарға сізбен қалай сөйлесуге болатынын және болмайтынын айта аласыз. Бұл сізді ренжіткен адамға айқайлау керек деген сөз емес. Сіздің мақсатыңыз - оның сізді кемсітуге болмайтынын агрессия көрсетпей жеткізу. Бұл қиын, бірақ егер қаласаңыз, өзіңізді қорғауды үйрене аласыз.

Оқи отырыңыз: Ер адам қандай әйелден кетпейді? Бұл қасиеттер сізде бар ма?

А. Жапатова