Ер адам қандай әйелден кетпейді? Бұл қасиеттер сізде бар ма?

Ер адам қандай әйелден кетпейді? Бұл қасиеттер сізде бар ма?
Фото: pixabay.com

Ер адам қандай әйелден кетпейді? Өзіңізді тексеріп көріңіз. Сізде мына қасиеттер бар ма?

Ер адамдарды ақылды және өз ойын еркін айта алатын әйелдер қызықтырады. Кей ер адамдарға өз серігінің әңгімелерін тыңдаған ұнайды. Ақылды әйелдің қасында ер адам жалықпайды.

Сондай-ақ ер адамдарға өзіне сенімді әйелдер ұнайды. Әйелдің өз-өзіне деген сенімділігін қошемет сөзді қабылдауынан да көруге болады. Ер адам тарапынан жағымды сөз естігенде абдырап, оның сөзін жоққа шығаратын әйелдер бар. Ал өзіне сенімді әйелдер оған айтылған қошемет сөзді қабылдауды біледі. Өзіңізді бағалаңыз және сізді құрметтеген адамға алғыс айтып үйреніңіз.

Ер адам өз өмірі мен жеке қызығушылығы бар әйелді ұнатады. Өз серігіне және оның әуесіне "еніп" кеткен ұялшақ әйелдерден ерлер тез жалығады. Бұл кезде сыртқы сұлулық та көмектеспейді. Сондықтан серігіңізбен өзіңіздің сәтті жобаларыңызбен, жаңадан меңгерген дағдыларыңызбен және т.б жаңалықтарыңызбен бөлісіп отырыңыз. Алайда отбасы мен жұмысыңызды, қызығушылықтарыңызды тепе-теңдікте сақтауды ұмытпаңыз.

Көпшілік ер адам әйелдің адалдығын және шынайылығын жоғары бағалайды. Өтірік айтып, оны да, өзіңізді де қинаудың қажеті жоқ. Себебі біркүні шындық бәрібір сыртқа шығады. Барлық ұзақмерзімді қарым-қатынас адалдықдың арқасында құрылатынын ұмытпаңыз.

Саналы қарым-қатынаста энергия алмасым болады. Ер адам жанында қажет кезде тыңдайтын және қолдау сөздерін айта алатын әйел болғанын қалайды. Иә, көп жағдайда әйелдер еркін жылап алады және серігінің иығына жатып, еркелейді. Алайда кейде ер адамды да қолдай білу керек. Әрине, бәрін шешетін әйелге айналудың қажеті жоқ. Бастысы, шынайылық білдіріп, қолдау жеткілікті.

А. Жапатова