Ақтауда әйелге балаларының көзінше шабуыл жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

Ақтаудағы бейнебақылау камерасына ер адамның балаларының көзінше әйеліне жасаған шабуылы түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Камера көпқабатты үйдің дәлізінде орнатылған. 

Кадрлардан ер адам әйелдің қолын бұрап, аузын жауып тұрғанын көруге болады. Кейін ер адам өздерін ешкім көріп тұрмағанына көз жеткізу үшін айналасына қарайды.

Кадрда үй тұрғындарының бірі пайда болады. Бұл ер адамның ұрып-соғу іс-әрекетін біраз уақытқа тоқтатады.

Оқиға лифтте жалғасады. Мұнда әйелдің қорқынышты айқайы мен балалардың жылауы естіледі. Бір сәтте жәбірленуші шабуылдаушыны лифттен шығарып жібереді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті ер адамның іздестіріліп жатқаны туралы хабарлады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде гүл көру нені білдіреді?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!