Жұлдызнамасы бойынша кімдер ең жақсы дос болады?

Астрологтар әр жұлдызнама белгісі өкілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттері бар екенін айтады. Қай жұлдызнама белгісінен жиі жақсы достар шығады?

Торпақ

Бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері өте тұрақты және сенімді. Олар өздерінің қатты мінезімен белгілі. Егер Торпақтар бірдеңе ойласа, ешкім оларды айтқанынан қайтара алмайды. Кей жағдайларда бұл жақсы, ал кейде жоқ. Бірақ достықта бұл өте жақсы қасиет. Себебі қырсық Торпақтар досын ешқашан сатпайды.

Тауешкі

Бұл белгі астында дүниеге келген адамдар әдетте мақсатқа талпынушылығымен, ішкі тәртіп сезімімен және батылдығымен ерекшеленеді. Олар әрқашан табысқа жетуге талпынады және жетекшілік етуге дайын. Сондықтан да Тауешкілер адал дос бола алады: олар ешқашан көңіліңізді қалдырмайды және сізге қол ұшын созуға дайын тұрады.

Шаян

Олар эмоционалды және айналасындағыларға өз жылуын сыйлағанды жақсы көреді. Шаяндар әрқашан жұбатуға және қолдауға дайын. Мұндай достар әрқашан жаныңыздан табылады.

Бикеш

Бикештерді перфекционистер деп санайды. Олар өз жұмысын кемеліне жеткізгенді жөн көреді. Сол секілді достыққа да аса мән береді. Кейде Бикештермен дос болу қиын. Себебі олардың сұранысы жоғары. Алайда олар досына ешқашан жоғарыдан қарамайды немесе кінәраттамайды.

Оқи отырыңыз: Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?