Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?

Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?
Фото: pixabay.com

Астрологтар әр жұлдызнама белгісі өкілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттері бар екенін айтады. Қай жұлдызнама белгісінен жиі ақылды адамдар шығады?

Егіздер

Егіздер - ақылды жұлдызнама белгілерінің бірі. Олар өздерінің ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Олар кез келген қиын жағдайдан шығудың шешімін табады. Егіздердің ақылы мен қызығушылығы оларды лидер етеді. Егіздер жаңа білімді жылдам меңгеріп алады.

Бикеш

Бикеш жұлдызнамасында дүниеге келгендер - перфекционистер. Олардың аналитикалық ақылы кез келген проблеманы шешуге және ең адал дос табуға көмектеседі. Бикештер айналасындағы кез келген хаосты баса алады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар – жаңашыл адамдар. Олар әлемді өзінің интеллектімен бағындырады, бірақ олардың табысының негізгі құпиясы – жағдайды алдын ала көре алуы. Олар қандай да бір жағымсыздыққа тап болса да, жағдайдан жылдам шығудың амалын табады.

Мерген

Мергендер жаңа білім алғанды жақсы көреді және философиялық ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Бұл белгі өкілдері интеллектуал болып жаралған. Олардың әлемді тануға деген қызығушылығы өте жоғары.

Тауешкі

Батыл Тауешкілер де ең ақылды жұлдызнама белгілерінің қатарына кіреді. Олар қу стратегтер. Олар ұзақ мерзімді жоспар құрады және жиі лидер болады. Тәртіп пен өзін-өзі бақылау Тауешкілердің ережелерді мүлдем бұзбауына әкеледі және жақсы іскерлік беделімен мақтануына көмектеседі.

Оқи отырыңыз: "Торпақтар - қызғаншақ, Шаяндар - ренжігіш". Жұлдыз жорамал бойынша негізгі кемшілігіңіз қандай?

А. Жапатова