Продюсер Дана Орманбаеваның жазбасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы полициясы Дана Орманбаеваның әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы қаласы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д. Орманбаеваның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Айта кетейік, Дана Орманбаева - публицист, продюсер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!