Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен інісін тамақтандырып отырған қыз көпті тәнті етті

Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен інісін тамақтандырып отырған қыз көпті тәнті етті
Фото: instagram.com/dauletten/

Әлеуметтік желіде бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен інісін тамақтандырып отырған қыздың видеосы тарады. Бейнені Бекарыс Қошқарбай өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қамқорлық. Бір қолымен бесікті тербетіп, екінші қолымен інісін тамақтандырып отыр. Ерніне тигізіп, суытып беріп отырғанын қарасаңызшы.

Мына жазба астына міндетті түрде бауырыңызды белгілеп кетіңіз. Есіңізде жоқ шығар. Бірақ сіздер де кішкентай кезде осындай бауырмал болдыңыздар", - деп жазған парақша иесі. 

Осы тұста Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Бірі балаға бала бақтыру дұрыс емес деп жазса, енді бірі видеодан тек бауырмашылдықты байқағанын жазған. 

"Балаға бала бақтырған дұрыс емес, икемді болғанына қарағанда біраз уақыттан бері тамақтандыратын секілді.", "Осы балаға бақтыру үшін тумаған шығарсыңдар. Балаңды өзің қара. Кіп-кішкентай қыздың мойнына екі баланы іліп қойыпты", "Құдай-ай, балапандар қандай әдемі көрініс, көз тимесін, осындай бауырмал болғаны қандай жақсы, керемет!", "Жаным, аяп кеттім ғой, үлкен де емес, өзі әлі кіп-кішкентай ғой", "Қазақта сол ғой. Үлкенін жақсылап қарап тәрбиелейсің. Қалғанын сол үлкені өзінен кейінгіге қарап өсіріп көмектесетін", "Жаным-ау, қамқоршы өзі, бір қолымен бесік тербетіп, екінші жағынан бауырын тамақтандырып отырған балапан түріңнен айналдым, тфәй-тфәй тіл көзден аман болшы ботақан!" - деп жазған олар. 

Айта кетейік, бұған дейін желіде ән айтып, қамыр жайған ер адам көптің талқысына түскені болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Криоконсервация деген не?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә