Желіде ән айтып, қамыр жайған ер адам көптің талқысына түсті

Фото: instagram.com/dauletten/

Әлеуметтік желіде ән айтып, қамыр жайып отырған ер адамның видеосы тарады. Бейнені Бекарыс Қошқарбай өзінің парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жетегіне еріп жалғанның
Қалаға жедел жетіппіз
Артынан жүріп арманның
Ауылдан шығып кетіппіз
Арайын төгіп аспаннын
Араласам да жер-жерді
Аты озған ауылдастырым
Сағынып жүрмін сендерді
Қатын тағы кетті роддомға
Тағы тамақ жасаймыз
Былтыр манты жасадық, биыл лапша жасаймыз
Қатын қойды ғой көтеріп
Аштан қалмаймыз біл өліп
Өзім бүлдіріп қойған соң
Отырмын мойныммен көтеріп", - деп ән шырқады ер адам видеода.

Бұған видео жарияланған парақша иесі "Өзім бүлдіріп қойған соң" деп пікір қалдырған.

Ал Желі қолданушылары видеоның астына түрлі пікір қалдырған. Бірі қамыр жаю ер адамға жаттірлік десе, енді бірі ешқандай да ұят емес екенін жазған.

"Міне нағыз ерлік. Мойындап, бала-шағасын тымпитып тойдырып, жып-жинақы қылып отырған ағамыздан. Тәрбие тал бесіктен. Осыны көріп, ула-шуламай, әкесімен қосылып ән айтып отырған балалардан. Міне отбасылық құндылықтар осылай қалыптасады", "Маған ұнамайды еркектің асханада жүргені", "Түзде жүрсем батырмын, Үйге келсем қатынмын, Әйел ауру, бала жас, Қамыр илеп жатырмын депті ежелде бір батыр", "Мынадай еркекті көбейткені дұрыс болған, өзі әнші, өзі пысық, баларын бағып отыр, балаларыда көңілді әндетіп отыр", "Мыкты еркек екен, әйелім туды деп ішіп, достарымен қаңғымай балаларына бас көз болған еркектен айналасын", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін тойдағы тағы бір торт қызу талқыға түскені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Механикалық қозғалыстың қандай түрлері болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә