"Бұл тек бастамасы". Жігер Ауыпбаев әкесінің туған күніне бағалы сыйлық жасады

"Бұл тек бастамасы". Жігер Ауыпбаев әкесінің туған күніне бағалы сыйлық жасады
Фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев әкесінің туған күніне бағалы сыйлық жасады. Өнер иесі әкесіне су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Әке туған күніңіз құтты болсын!
Кішігірім сыйлығымды қабыл алыңыз!
Бұл бастамасы ғой…
Үлкен көлік, үлкен сыйлықтар бұйырса алда…
Құрметті оқырмандарым ақ тілектеріңіз болса мархабат!" - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Қойсаңдаршы болды". Жігер Ауыпбаев өзі туралы "суық хабар" таратпауын сұрағаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ұлы Жібек жолы қай қаладан басталды? Ұлы Жібек жолының қандай бағыттары болды?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә