Алматыдағы нөсер жауын: қалада сақтық шаралары күшейтілген

Алматыдағы нөсер жауын: қалада сақтық шаралары күшейтілген
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда кейінгі дерек бойынша су басқан аумақ тіркелмеген, қалада жаңбыр жаууына байланысты коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, Алматыда жауын-шашын жаууына байланысты түнде арықта судың кедергісіз ағып кетіп, кейбір аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. шаңц құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шыққан. Құм салынған 2,3 мың қап дайындалды.

"Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды. Төтенше жағдай бойынша жедел кезекшінің мәліметінше, 16 сәуірде сағат 07:00-де су басқан аумақ тіркелмеген", - деп жазылған хабарламада.

Күндізгі ауысымда 802 жұмысшы кезекшілікке шығатыны айтылды. Аудан әкімдіктерінде де жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова