Пияз ұзағырақ сақталуы үшін не істеу керек?

Пияз ұзағырақ сақталуы үшін не істеу керек?
Фото: pixabay

Пиязды тоңазытқышта сақтауға болмайды, өйткені суықта ол ылғалдануы мүмкін. Аспаз Мерисса Алинк Express-ке көкөністерді ұзағырақ сақтау жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, пиязды тартпада немесе шкафта сақтаған жөн.

"Бүлінбес үшін және шіріктің алдын алу мақсатында оны ылғал түспейтін құрғақ жерге қойыңыз", - деп ескертті ол.

Тым ыстық жерде сақтау пияздың кебуіне және шіріп кетуіне әкеп соғады. Ал тым суық жерде, керісінше, ылғалданып, жұмсарып, көгеруі мүмкін.

Сондай-ақ, аспаз пиязды пластикалық қаптамадан алып тастап, өнімнің бүлінуіне жол бермейтін қағаз пакетке ауыстыруды ұсынды.

"Кесілген және пісірілген пиязды әрқашан тоңазытқышта сақтау керек. Жартылай кесілген пиязды пленкаға немесе пакетке орап, содан кейін ауа өткізбейтін контейнерге салу керек", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова