Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматылықтар жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 13:13-те тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.5. MPV магнитудасы - 5.5", - деп жазылған хабарламада.

Алматыда жер сілкінісі 2 балл болып сезілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!