Су тасқыны: елімізде ауа райы тұрақсыз болады

Су тасқыны: елімізде ауа райы тұрақсыз болады
Фото: Massaget.kz / Nurzhan Rysbekov. Құлсары қаласы

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова су тасқыны кезеңінде Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстік-батысында солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады", - деді Алина Исмагулова.

Оның айтуынша, күндіз оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жауын-шашын болады.

"Кейде онда қатты жауын-шашын тіркеледі, қар аралас жаңбыр жауады. Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарда нөсер жаңбыр жауып, найғазай ойнайды, тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстікте көктайғақ болады, оңтүстік, оңтүстік-шығыста дауыл соғып, бұршақ жауады", - деді баспасөз хатшысы ОКҚ-де өткен брифингте.

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атаған болатын. Мамандардың сөзінше, екі өңірде су тасқыны қаупі сақталып отыр.

"Қарғалы а. – Қарғалы ө. гидрологиялық бекетінде Қарғалы су қоймасынан су тасталымы әсерінен су деңгейі қауіпті деңгейден асқаны бақыланды. Сонымен қатар 2024 жылдың 7-10 сәуір аралығында ауа температурасының жоғарлану болжамына және жаңбыр түріндегі жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі және өзен жағасынан шығуы күтілуде", - делінген

"Қазгидромет" РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының таратқан ақпаратында.
Ақмола облысы бойынша да су тасқыны қаупі сақталады.

"Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бұрабай, Шортанды және Целиноград аудандарында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты 2024 жылдың 7-10 сәуір аралығында Жабай, Қалқутан (Колутон) өзендерінде, олардың бүйірлік және жоғары ағысынан еріген қар ағынының қарқынды қалыптасуы және мұздың еруі күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет".

Орталықтың айтуынша, өңірде мұздың еруінен су деңгейі қауіпті деңгейге күрт көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ арнасынан асып, өзен жағасынан басуы мүмкін.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz