"Жаңбырдан көтеріледі". Қазгидромет су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атады

"Жаңбырдан көтеріледі". Қазгидромет су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атады
Фото: ©Турар Казангапов

"Қазгидромет" екі өңірде су тасқыны қаупі сақталып отырғанын айтып, ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қарғалы а. – Қарғалы ө. гидрологиялық бекетінде Қарғалы су қоймасынан су тасталымы әсерінен су деңгейі қауіпті деңгейден асқаны бақыланды. Сонымен қатар 2024 жылдың 7-10 сәуір аралығында ауа температурасының жоғарлану болжамына және жаңбыр түріндегі жауын-шашынға байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі және өзен жағасынан шығуы күтілуде", - делінген "Қазгидромет" РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының таратқан ақпаратында.

Ақмола облысы бойынша да су тасқыны қаупі сақталады.

"Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Бұрабай, Шортанды және Целиноград аудандарында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты 2024 жылдың 7-10 сәуір аралығында Жабай, Қалқутан (Колутон) өзендерінде, олардың бүйірлік және жоғары ағысынан еріген қар ағынының қарқынды қалыптасуы және мұздың еруі күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет".

Орталықтың айтуынша, өңірде мұздың еруінен су деңгейі қауіпті деңгейге күрт көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ арнасынан асып, өзен жағасынан басуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Ордабаев