Егде жастағы адамдардың денсаулығына күндіз ұйықтаған пайдалы екені анықталды

General Psychiatry журналында жарияланған Қытайдың бірнеше медициналық және ғылыми орталықтарының қызметкерлері жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, күндіз ұйықтау егде жастағы адамдардың денсаулығына оң әсер етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зерттеушілер Пекин және Шанхай сияқты ірі қалаларда тұратын 60 жастан асқан екі мыңнан астам адамның деректерін талдады. Олардың бір жарым мыңнан астамы үнемі күндіз көз іліп алады, ал қалғаны ұйықтамайды. Барлық егде жастағы адам стандартты когнитивті тестілеуден өтті.

Үнемі күндіз көз іліп алатын қатысушылардың тест нәтижелері айтарлықтай жоғары болды, сондай-ақ олар кеңістіктегі бағдарлау, жұмыс жады және еркін сөйлеу сынақтарында ерекшеленді.

Ғалымдар мәліметінше, күндіз ұйықтау ағзадағы созылмалы қабыну деңгейін төмендетуге көмектесіп, когнитивті өнімділікке оң әсер етеді.

Айта кетейік, бұған дейін қарттарда қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыратын тағамдар туралы хабарланған болатын. 

Дәрігердің айтуынша, Халықаралық қатерлі ісік ауруларын зерттеу ұйымының деректеріне сәйкес, ет - бірінші дәрежелі концероген. Оны тұтыну ішек, асқазан, репродуктивті жүйе, қуық қатерлі ісігінің дамытуы мүмкін. Сондай-ақ, ол мұндай тағамдарда май, холестерин және тұз көп екенін ескертті, бұл егде жастағы адамдарда семіздік, қант диабеті және артериялық гипертензияның дамуына түрткі болады. 

Бұдан бөлек, Оксана Михалева егде жастағы адамдарға майлы сүт өнімдерін, әсіресе ірімшікті күніне 20-30 грам ғана тұтынуға рұқсат екенін жеткізді. 

Диетолог егде жастағы адамдар үшін жоғары сапалы ұннан жасалған нан өнімдері (ақ нан, тоқаш, кондитерлік өнімдер) зиян екенін айтты. Олар семіздік пен екінші типтегі қант диабетінің дамуына әкеп соқтыруы ықтимал. Кәмпит, шоколад және кондитерлік өнімдерді көп жесе, артық салмақ қосылады. Бауыр айналасында май жиналуы да мүмкін.

Оған қоса, қарттар тұздалған қиярдан да бас тартқаны абзал, өйткені ол қан қысымын жоғарылатып, бүйрекке ауыртпалық түсіреді. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Ғылым мен білімнің айырмашылығы неде?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз