Қарттарда қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыратын тағам

Қарттарда қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыратын тағам
Фото: pixabay.com

Кейбір өнімдер мен тағамдар қарт адамдарда қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттырады. Эндокринолог, диетолог Оксана Михалева егде жастағы адамдарға жеуге болмайтын тағамдарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИАМО-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, Халықаралық қатерлі ісік ауруларын зерттеу ұйымының деректеріне сәйкес, ет - бірінші дәрежелі концероген. Оны тұтыну ішек, асқазан, репродуктивті жүйе, қуық қатерлі ісігінің дамытуы мүмкін. Сондай-ақ, ол мұндай тағамдарда май, холестерин және тұз көп екенін ескертті, бұл егде жастағы адамдарда семіздік, қант диабеті және артериялық гипертензияның дамуына түрткі болады. 

Бұдан бөлек, Оксана Михалева егде жастағы адамдарға майлы сүт өнімдерін, әсіресе ірімшікті күніне 20-30 грам ғана тұтынуға рұқсат екенін жеткізді. 

"Бұл егде жастағы адамдар үшін кальцийдің жақсы көзі. Алайда, оның құрамында тұз бен холестерин көп, сондықтан оны тым көп мөлшерде тұтыну, гипертония, атеросклероз және бүйрек қызметінің бұзылуы қаупін арттырады", - деп түсіндірді Оксана Михалева.

Диетолог егде жастағы адамдар үшін жоғары сапалы ұннан жасалған нан өнімдері (ақ нан, тоқаш, кондитерлік өнімдер) зиян екенін айтты. Олар семіздік пен екінші типтегі қант диабетінің дамуына әкеп соқтыруы ықтимал. Кәмпит, шоколад және кондитерлік өнімдерді көп жесе, артық салмақ қосылады. Бауыр айналасында май жиналуы да мүмкін.

Оған қоса, қарттар тұздалған қиярдан да бас тартқаны абзал, өйткені ол қан қысымын жоғарылатып, бүйрекке ауыртпалық түсіреді. 

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер егде жастағы адамдар үшін ең пайдалы сорпаны атағаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: «Мұртты» обалар деген не? Оларды кімдер салған?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә