Синоптиктер Астана мен тағы 6 қала тұрғындарына ескерту жасады

Синоптиктер Астана мен тағы 6 қала тұрғындарына ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет Астана мен тағы алты қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 7 сәуірде Павлодар, Балқаш, Өскемен, Риддер, Семей қалаларында, түнде Астана, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан