"Жүрегің ауырады". Желіде Құлсарыда су тасқыны салдарынан құлаған үйдің видеосы тарады

Желіде Атырау облысы Құлсары қаласында су тасқыны салдарынан құлаған үйдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған мына видеодан жартылай суға батқан үйдің қалай құлап қалғанын көруге болады.

"Адамдары аман болсын, жүрегіміз ауырып тұр", "Жыламай қарау мүмкін емес", "Сабыр берсін", - деп көңіл білдірген Желі қолданушылары видео астына.

Еске салайық, Атырау облысы Құлсары қаласында да су тасқыны болды. Бұған дейін Құлсары қаласында ахуал күрделі екенін және 15 мыңнан аса адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.