Құлсарыда ахуал күрделі: 15 мың адам эвакуацияланды

Құлсарыда ахуал күрделі: 15 мың адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

Атырау облысы Құлсарыда ахуал күрделі, 15 мыңнан аса адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев арнайы штаб өкілдерімен  Құлсары қаласын әуеден бақылауда. Апат аймағынан кешелі бері 15 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Жем өзенінен тасыған су елдімекендерді басып жатыр. Соңғы дерек бойынша 2500- дей тұрғын-үйді, әкімдік ғимаратын, инфрақұрылымдық нысандар мен орталық стадион суда қалды. Күні-түні тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүруде.

Тасқынға қарсы көмекке Құлсарыға облыс орталығынан 30 полицей мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы келді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан келген әскерилер де бұл жұмыстарға қолғабыс етіп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина