Күдікті - аналары. Қарағанды облысында 2 бала өлі табылды

Күдікті - аналары. Қарағанды облысында 2 бала өлі табылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданына қарасты ауылдардың бірінде 2 бала өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұқар жырау ауданының ауылдарының бірінде болған жағдай елді шошытты. Бір сұмдығы балалардың өліміне туған анасы күдікті деп танылған. Қаза болған 2 және 4 жас аралығындағы бүлдіршіндердің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері бар көрінеді. Күдікті ретінде балалардың анасы қамалды. Жаға ұстатар жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.Қылмыстық іс Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бақылауында.Басқа ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды", - деді облыстық Полиция департаментінің өкілдері. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz