"4 әйелдің анализі шықты". Журналист бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты

"4 әйелдің анализі шықты". Журналист бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 4 әйел қан тапсырған.

"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік.. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық роддомы мен детдомы. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр әбден таяды", - деді ол.

Жәнібек анасын іздеу жұмыстарына көмектескен жандарға алғыс айтты.

"Қымбат апай, менің анамды табу үшін істеп жатқан жұмысыңызға мың алғыс!" - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kymbat Doszhan (@kymbatdoszhan)

Еске салайық, бұған дейін биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында асырап алған анасын көрсеткен еді. Оның есімі - Валери. 

"Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол Испанияға Бельгиядан мағае қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген", - деп жазды Жәнібек. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова