"Бұл - Валери". Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев өзін асырап алған бельгиялық әйелді көрсетті

"Бұл - Валери". Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев өзін асырап алған бельгиялық әйелді көрсетті
Фото: Видеодан алынған кадр

Биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған анасын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, анасының есімі - Валери, ол барлық сұраққа жауап беруге дайын. 

"Құрметті әкелер, аналар, аға-әпкелер! Бұл - мені асырап алған анам Валери. Ол маған Испанияға Бельгиядан қонаққа келді. Валери мені асырап алу үшін 2004 жылы Қазақстанның Арқалық қаласына келген. Сіздердерде көптеген сұрақтың барын сеземін. Пікір алаңына сұрақтарыңызды қойыңыз, Валери оларға жауап бере алады деп ойлаймын.

"Валери неге бала асырап алды? Неліктен Валери баланы Қазақстаннан асырап алғысы келді?" деген сынды сұрақтар сіздерді де толғандыратын болар?.." - деп жазған Жәнібек. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек