БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар шығын өтелетініне сенбейді

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар шығын өтелетініне сенбейді
Фото: "Мой Город"

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар шығын өтелетініне сенбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

1,5 сағат ішінде Батыс Қазақстан облысындағы Подстепное ауылының үштен бір бөлігі еріген қар суы астында қалған. Содан кейін ауыл тұрғындары туыстарына кетіп, кейбірі эвакуациялық пункттерге жүгінді. Халық әлі де үйлеріне орала алмай отыр. Олар тек заттарын күн сәулесіне шығарып, кептіру үшін келеді. 

Жергілікті тұрғын Нұрсұлу үйін бір сағат ішінде су басып қалғанын, ал ауладағы үй су тасқынынан опырылғанын айтты.

"Әкімдікке хабарластық, бізді су тасқынынан зардап шеккендер тізіміне енгізді, одан кейін тып-тыныш. Ештеңе айтпайды. Ешкім үйге келіп, тексерген жоқ. Біз мұнда 2005 жылдан бері тұрамыз. 2011 жылы су тасқыны болды, бірақ ол кезде су аулаға кірді де, басылды. Биыл барлық техника жарамсыз болып қалды. Су тез келгені соншалық - тіпті жиһаз бен техниканы шығаруға уақыт болмады", - деді Нұрсұлу.

Жергілікті тұрғындардың көбі орташа жалақымен өмір сүреді. Көпшілігінің кішкентай балалары бар. Олардың сөзінше, қазір үйлерді қалпына келтіру қиын, құрылыс материалдары өте қымбат. Тұрғындар мемлекеттің көмегіне сенбейтінін айтады.

"Әкімдікке хабарласып, құжаттарды тапсырдық, енді алаңдап отырмыз. Балаларымыз - студент, оларды оқыту керек. 2011 жылы да су астында қалдық, бірақ ол кезде мемлекеттен ешқандай өтемақы күткен жоқпыз. Өзіміз ақша тауып, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Барлығын өз күшімізбен істедік. Енді тағы да осындай жағдайға тап болдық. Күйеуім күзетші болып жұмыс істейді, жалақысы - 90 мың теңге. Бірдеңені қалпына келеді деп сенбеймін", - деді тағы бір ауыл тұрғыны Назгүл.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен халыққа Үкімет пен кәсіпкерлер көмектесетінін айтқан еді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова