"Уайымдамаңыздар, мемлекет пен кәсіпкерлер шығынды өтеп береді" - Тоқаев

"Уайымдамаңыздар, мемлекет пен кәсіпкерлер шығынды өтеп береді" - Тоқаев
Фото: видеодан кадр

Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты өткізілген жиын барысында елімізде су ресурстары, ирригация салалары бойынша техникалық мамандар тапшылығына назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған қатысты Президент Үкіметке шұғыл түрде шешім қабылдауды тапсырды.

"Тағы да қайталап айтамын. Тасқынның алдын алу ісіне әрбір лауазым иесі тікелей жауап беруге тиіс. Сіздердің жұмыстарыңызды немқұрайлы және кәсіби міндетке сай келмейді деп бағаладым. Соның салдарынан азаматтарымыз үлкен материалдық шығынға ұшырады. Олар денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін тұрмыстық қолайсыздықтарға тап болды. Әрине, мемлекет шығынды өтеу үшін шаралар қабылдайды. Азаматтарға айтарым, алаңдамаңыздар. Мемлекет, сондай-ақ, кәсіпкерлер барлық шығынды өтеп береді. Бірақ қаржылық және саяси шығындар орасан зор. Оны да ескеру керек. Сондықтан Үкіметке жүктелер жұмыс көп. Қысқасы, талап қатаң болады", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова