"Тек қытайлықтарға қызмет көрсеткен". "Қорғаста" жезөкшелер притоны жойылды

"Қорғас" ШЫХО аумағының Қазақстанға тиесілі бөлігінде жасырын жұмыс істеген 6 казино мен жезөкшелер притоны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңсыз бизнесті ҚХР азаматтары ұйымдастырған.

Қаржылық мониторинг агентігінің Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық полиция және шекара қызметімен бірлесіп, бұл орындарды жойды.

Астыртын ойын мекемелері түнде тек қытайлықтар үшін жұмыс істеген.

4 коммерциялық ғимаратты тінту барысында 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажет көптеген техникалық құрал-жабдық, 60 мың юаньнан аса (3миллион 707 мың 470 теңге, 1 юань - 61,79 теңге) қаражат тәркіленді.

Соталды тергеу жалғасып жатыр.

Аяз Есен

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!