БҚО-да құтқарушыны пышақтаған тұрғын қамауға алынды

БҚО-да құтқарушыны пышақтаған тұрғын қамауға алынды
Фото: видеодан кадр

БҚО-да құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, соталды тергеу кезінде ауыл тұрғыны қамауда болады. 26 жастағы құтқарушы су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде пышақ жарақатын алған еді. Ол Қараөзен өзенінің жағасындағы жергілікті тұрғындарға көмектесіп жүрген.

Казталов аудандық соты прокуратураның 31 жастағы ер адамға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішін қарады. Ер адам ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабы бойынша күдікке ілініп отыр. Баптың санкциясы бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе мүлкі тәркіленіп өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да ер адам тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткені хабарланды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құтқарушы Қазталов ауданындағы ауруханада жатыр. Ер адам құтқарушының арқасына пышақ сұғып алған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова