Дәрігерлер мас тұрғын пышақ сұғып алған құтқарушының жағдайын айтты

Дәрігерлер мас тұрғын пышақ сұғып алған құтқарушының жағдайын айтты
Фото: ТЖМ

Дәрігерлер БҚО-да мас адам пышақ сұғып алған құтқарушының қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, құтқарушы Қазталов ауданындағы ауруханада жатыр. Ер адам құтқарушының арқасына пышақ сұғып алған. 

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Ол қажет ем-шара қабылдап жатыр", - дейді басқарма өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткені хабарланған болатын. 

Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина