"8 жылда көп ұрды". Кейуана қызының асылып өлгеніне күйеу баласын кінәлады

Түркістан облысы Леңгір тұрғыны марқұм Гүлжазира өзіне қол салған. Әйелдің анасы бұған бұрынғы күйеу баласы кінәлі дейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі

Бұл туралы "Көреміз" бағдарламасында айтылды. 

Ділбар Байсейітова 30 жасында қыршыннан қиылған қызының өлімін күйеубаладан көреді. Кейуананың айтуынша, әйелін аяусыз ұрған күйеу баласы, онымен қоймай туған перзенттерін соққыға жығып келген. Күйеуінің таяғынан әбден шаршаған келіншек, депрессияға шалдығып, соңында өзіне қол жұмсап қайтыс болған-мыс. Алайда Жұмабек Бақыт бәрін жоққа шығарып, келіншегінің өлімін туған анасынан көреді.  

"2017 жылы 3 баламен қыста қалған. Күйеу балама хабарлассақ, алмайды. Пойызбен үйге алып келдік. Есін білмейді, мені де, балаларын да танымады", - деді Ділбар Байсейітова. 

Марқұм Гүлжазира былтыр 20 желтоқсанда қайтыс болған. Ал күйеуі Жұмабекпен бас қосқанына 10 жылдан асқан. Гүлжазираның әпкесі Гауһар балалардың әкесінен көңілі қалғанын айтты.

Гүлжазираның құрбысы Ақбота Көшербаева соңғы рет көргендегі естелігін айтты.

"Гүлжазира "үйге келсем күйеуім баламды ұрып тастапты" деді. Бір ашуланып, қынжылып айтқан еді", - деді Ақбота Көшербаева. 

Гүлжазира небәрі 30 жаста еді. Оның артында төрт бала қалды.

"Анамның соңғы рет таяқ жегені есімде. Әкем анама "ананы-мынаны әперші" деді. Сөйтіп маманы шнурмен ұрды. Анамның, ағамның құлағынан қан аққан еді. Папаммен барғым келмейді, қорқамын, ұрады. Ол жаман, велосипедпен ұрған", - дейді балалар. 

Гүлжазираның әпкесі балаларды әкесіне беруге қарсы.

Ал марқұм Гүлжазираның күйеуі Жұмабек Бақыт енесінің өштесіп алғанын алға тартты. "Бәрін енем істеп отыр. Той істемедік, құдалыққа бармадық. Сөйтіп өштесіп отыр" дейді ол. Оның айтуынша, балаларынан бас тартпайды, ал енесі ортаға түспегенде мұндай жағдай болмас еді. Гүлжазира төбесі тапал қорада асылып қалған. Күйеуі оған біреу тіл-көз, дуа арқылы дейді.

Бір қызығы, күйеуі әйел қайьыс болғаннан 10 күн өткесін білген. Жұмабек әйелін "8 жылда көп ұрдым" дейді. 

Әйелдің анасы күйеу баласынан қорлық көргенін айтты. Күйеу баласымен арпалысып келе жатқанына 6 жыл болған. 

Дәрігердің айтуынша, қыздың дені сау еді. Кейін шақыртуға барғаннан кейін қатты қорқып қалғанын, депрессияға түскен. 

Бағдарлама аяғында екі тарап келісімге келген. Алайда Жұмабек Бақыт уәдесінде тұрмай, балаларына мүлде бармаған. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!