"Сәуір айы өзгерістерден басталады". Мына жұлдызнама белгілері жаңа өмір бастайды

"Сәуір айы өзгерістерден басталады". Мына жұлдызнама белгілері жаңа өмір бастайды
Фото: pixabay.com

Сәуір айының алғашқы аптасы төрт жұлдызнама белгісінің өкілдері үшін қуанышты жаңалықтармен басталады. Олар барлық проблемаларды жеңе алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.

Бикеш

Бұл апта нақты қиындықтардан басталуы мүмкін, алайда сіз оларды оңай жеңіп шығасыз. Бұл жағдайдың шешімін тапқан кезде алдыңыздан барлық "есіктер" ашылмақ. Өзгерістерге дайын болыңыз және жаңа өмір бастауға қорықпаңыз.

Мерген

Сәуір айының басында жеңістеріңіз бен жеңілістеріңізді бағалаңыз, жаңа жоспар құрыңыз. Жаңа мақсаттар қоятын және бәрін басынан бастайтын уақыт келді. Алайда достарыңызға уақыт бөлуді ұмытпаңыз.

Арыстан

Ұсақ-түйектерге алаңдамаңыз. Сәуірдің алғашқы күндерін мансапқа арнаңыз: мансап бойынша өсуге мүмкіндік туып тұр. Алайда амбицияларыңыздың санаңызды тұмандатып жіберуіне жол бермеңіз.

Егіздер

Жаңа апта қуанышты жаңалықтармен басталады. Сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсарта аласыз немесе арманыңыз орындалуы мүмкін. Өзгерістерден қорықпаңыз және өзіңізге адал болыңыз.

Оқи отырыңыз: Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?

А. Жапатова