Абай облысындағы су тасқыны: жоғалған екі шопан табылды

Абай облысындағы су тасқыны: жоғалған екі шопан табылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысында екі шопан құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше сағат 17:30-дан бастап Абай облысының Көкпекті ауданында 1985 және 1990 жылы туған екі шопанды ҚМ-нің МИ-17 тікұшағының көмегімен іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.

Құтқарушылар 39 жастағы ер адамды "Тассай-Көкпекті" тасжолының көпірінен тапты, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді. 33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында немересімен бірге жоғалған ер адам табылғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова