Абай облысында немересімен бірге жоғалған ер адам табылды

Абай облысында немересімен бірге жоғалған ер адам табылды
Фото: ТЖМ

Абай облысында құтқарушылар жоғалған екі азаматты тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін таңертең Абай облысының құтқарушылары 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқару операциясы сәтті өткізген.

"Олар елді мекеннен 25 шақырым қашықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылды. Тікұшақ ауаға көтерілді. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова