Жалған QR код арқылы автобуста жол ақысын алған адам ұсталды

Жалған QR код арқылы автобуста жол ақысын алған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

19 жастағы жігіт төлем үшін QR кодын жасап, оны автобус салонының әйнегіне жабыстырып, жолаушылардан бір сағат бойы жол ақысын алып тұрған.

"Келтірілген шығын анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!