Кабирхан қатысатын бәйгені қайдан көруге болады?

30 наурыз күні Дубайдағы "Мейдан" ипподромында әлем кубогының финалдық кезеңі өтеді. Бәйгеге әлемнің кіл жүйрік сәйгүліктері келеді. Олардың қатарында Қазақстан атынан Кабирхан да қатысады. 

Жұрт назарын аударған жарыс әртүрлі қашықтықтықта жеңімпаздарды анықтайтын болады. Жалпы жүлде қоры – 30,5 миллион долларды құрайды. Ал көпшілік асыға күткен басты бәйге – Dubai World Cup. Оған әлемнің үздік 12 жүйрігі қатысады. Қазақстандықтар бұл бәйгені тікелей эфирде тамашалай алады. 

"Qazsport" телеарнасы Кабирхан қатысатын Dubai World Cup жарысын тікелей эфирде көрсетеді. Аталмыш додада қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев та бақ сынайды. Дубайдағы бәйге 30 наурыз сағат 16:00-де басталады. 

Кабирханның иесі – кәсіпкер Тілек Мұханбетқалиев. Тұлпардың тегі – ағылшындық. Жарыстарға америкалық Даг Уотсон баптайды. 

Dubai World Cup бәйгесінің жүлде қоры – 12 миллион доллар. 12 сәйгүліктің 8-і ақшалай сыйлыққа ие болады. 1-орын иегері 6,9 миллион долларды еншілейді. Одан кейінгі орындарға төмендегідей сыйақы беріледі. 

2-орын – $2,4 млн
3-орын – $1,2 млн
4-орын – $600 мың
5-орын – $360 мың
6-орын – $240 мың
7-орын – $120 мың
8-орын – $120 мың.

Бәйгеге өткен жылы бірінші болып келген Ushba Tesoro да қатысады. Арғымақ жапон кәсіпкері Кенджи Ретокудзиге тиесілі. Тұлпарды ол ертеректе 25 миллион йенге (165 мың доллар) сатып алған. Ал қазір иесіне 13,9 миллион долларға жуық табыс сыйлаған. 

Бәйгеге қатысатын тұлпарлар табысының бейресми рейтингі:

✔️Ushba Tesoro (Жапония) – $13,927 млн
✔️Senor Buscador (БАӘ) – $11,496 млн
✔️Derma Sotogake (Жапония) – $3,182 млн
✔️Defunded (АҚШ) – $2,166 млн
✔️Wilson Tesoro (Жапония) - $1,495 млн
✔️Military Law (Ұлыбритания) - $1,356 млн
✔️Dura Erede (Жапония) – $1,182 млн
✔️Clapton (АҚШ) – $969 мың
✔️Crupi (АҚШ) – $659 мың
✔️Kabirkhan (Қазақстан) – $636 мың
✔️Newgate (АҚШ) - $535 мың
✔️Laurel River (АҚШ) – $510 мың

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!