"Батырдың қызы". Танымал спортшы видео жариялап желі қолданушыларын тәнті етті

"Батырдың қызы". Танымал спортшы видео жариялап желі қолданушыларын тәнті етті
Фото: instagram.com/ilyailyinforever/

Танымал спортшы Илья Ильин әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа туған сәбиімен видео жүктеп, желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан спортшы бір ай бұрын дүниеге келген қызына жаттығу жасатып отырғанын көруге болады. 

"Достар, күндеріңіз сәтті өтсін!
Айли ауыр атлетика бойынша алғашқы жаттығуын жасады!
Балаңызды кәсіби спортқа жібергіңіз келе ме?
"Футболка кимегенім үшін кешірім сұраймын!" - деп жазған ол.

Бұған Желі қолданушылары тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. Перзентінің денінің саулығын тілеген. 

"Қазақтың батырының балапаны аман болсын", "Батырдың қызы", "Аилидің бастысы денсаулығы мықты болсын. Әкесін қуанышқа бөлейтін сұлу балапан, бақытты болып өсе берсін", "Ой, папасының қызы, кішкентай балапан, дені сау болсын, әке-шешесінің мақтанышы болсын, Алла тіл-көзден сақтасын, аман болыңдар", "Спортшы болады-ау, жаттығу бастапсыздар", "Жаныым сол, тфәй"-тфәй. Машаллах. Айлидің денсаулығы зор болсын. Әкесі сияқты әлемді мойындатар Чемпион болсын", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі әке атанғанын жазып, қызы дүниеге келгенін айтқаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Бала неше айында еңбектеуі керек?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә