Алматыдағы 90 жылдық тарихы бар ипподром тағдыры: әкім мәселеге жауап берді

Былтырдан бері Алматыда тоқсан жылдық тарихы бар ипподром сүрілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл мәселеге Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев пікір білдірді - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімі Жетісу ауданындағы тұрғындармен кездесуде ипподром жағдайына түсініктеме берді. Оның сөзінше, қаланың бас жоспарында 2040 жылға дейін "ипподромды пайдалану үшін" учаскенің нысаналы мақсаты бекітілген.

"Егер жер иелерінің бірі бірдеңе салу жоспарын айтса, бұл солай болады дегенді білдірмейді. Барлығы бас жоспарға сәйкес заң аясында болады", - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласындағы тоқсан жылдық тарихы бар ипподромның тағдыры қыл үстінде тұрғаны хабарланды. Жері жекеменшікке тиесілі ат жарыс алаңы сүрілуі мүмкін болып шықты.

Аумақ иесі "ипподром халықаралық стандартқа сай келмейді, нысанның әбден тозығы жеткен" деген желеуді алға тартқан. Алайда мұнымен атбегілер келіспей отыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!