"Хиджабпен сахнаны былғады". Өнерден кеткен әнші Индира Расылхан қуанышты жаңалығын бөлісті

"Хиджабпен сахнаны былғады". Өнерден кеткен әнші Индира Расылхан қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/indirarasylkhan

Танымал әнші Индира Расылхан біршама уақыттан бері сахнадан көрінбей кеткен еді. Енді әнші өнерге қайта оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік парақшасында жазды. Әнші тек халал тойға шығатынын жеткізді.

"Менің сахынаға қайта шыққанымды күтіп жүргендер қайдасыздар?
Мен де сіздерді сағындым.
Видео астына "сағындық" деп пікір жаза кетіңіз. 

Сіздердің құрметтеріңізге осы сағынышты әнімді ұсынамын.

"Биссмилләһ" деп бастадым.
Шақыратын болсаңыздар, концерттерге және халал тойға ғана шығамын деп ескертіп қояйыншы.
Мен сіздерді жақсы көремін жандарым сол!" - деп жазған өнер иесі.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір қалдырған. 

"Ән салу харам деп едіңіз", "Хиджабпен сахнаны былғағаны үшін айыппұл салу керек", "Сахнадан неге кетті, неге келді? Бірденені жасамас бұрын жеті өлшеп бір кесу керек қой", "Ақшасы біткен ғой, әйтпесе психолог болып кетті емес пе, Айнұрдай болам деп", "Сағынатын сағындыра алатын, Үнің құлақта қалатын досымсың го..Әнші ғана ретінде емес ең жақсы шынайы дос ретінде сағындым!", "Сағындым сені", - деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін "Роза коучтың айтқандарын тыңдап, әйелім үйден кетіп қалды". Танымал психолог әнші Индира Расылханға жауап бергені хабарланған болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә