Тоқаевтың жаңа инвестициялық платформаның іске қосылғаны туралы "айтқан сөзі" рас па?

Тоқаевтың жаңа инвестициялық платформаның іске қосылғаны туралы "айтқан сөзі" рас па?
Фото: Akorda.kz

Facebook-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттің қолдауымен жаңа инвестициялық платформасының іске қосылғанын айтқан "видеосы" тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Ондаған азамат бірнеше айдың ішінде автомобильдер мен тұрғын үй сатып алған екен. Stopfake.kz-тің хабарлауынша, бұл жалған.

Алаяқтар видеода Мемлекет басшысының нақты сөйлеген сөзін жалған дауыспен дыбыстаған. Жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы Президенттің ресми сайтында жазылмаған.

Қылмыскерлер белгісіз сайтқа кіріп, өтінішті толтыруды ұсынады.

"Олай істеуге болмайды. Егер сайтқа өтсеңіз, алаяқтар жеке деректеріңізге қол жеткізеді және жинақтарыңызды иемденеді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін біз ҚР Президентінің атынан тараған инвестициялық бағдарлама туралы осындай фейк хабарлама тараған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан