"Жазаң ауыр болады". Балжан Бидаш алаяқтардан әлі де құтыла алмай жүр

"Жазаң ауыр болады". Балжан Бидаш алаяқтардан әлі де құтыла алмай жүр
Фото: instagram.com/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің атын жамылып, халықтан ақша ұрлап жүрген алаяқтардан әлі де құтыла алмай жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі алаяқтар енді халықтың сеніміне өтірік дәлел арқылы кіруге тырысып жатқанын айтты. 

"Сақ болыңыздар! Телеграмда алаяқтар өтірік дәлел жинап, сенімге кіріп, өтірік ойын ойнатып жүр. Тіпті таргетке де жарнама шығарған. Осыны сол адам көріп отырса, жазаң ауыр болады, жеңіл ақша табамын деп өмір жолыңды ауырлатпа", - деп жазған өнер иесі.

Еске салайық, бұған дейін "Қан қысымым көтеріледі". Әнші Балжан Бидаш оқырмандарынан көмек сұрағаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә