"Қан қысымым көтеріледі". Әнші Балжан Бидаш оқырмандарынан көмек сұрады

"Қан қысымым көтеріледі". Әнші Балжан Бидаш оқырмандарынан көмек сұрады
Фото: instagram.com/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш өзінің атын жамылып, халықтан ақша ұрлап жүрген алаяқтардан қалай құтыларын білмей отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы Желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, дәл қазіргі сәтте не істерін білмей, шарасыз күйде отыр. 

"Осыны көрсем қан қысымым көтеріледі. Шынымен көмектесе алатын адам бар ма? Қайда барып, кімге арыз жазамын? Қандай қадам жасай аламын мына оңбағанға, осындайларға сеніп, алданып отыратын адамдарды да түсінбеймін. Не істерімді білмей отырмын", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Қан жөтел басталды". Әнші Балжан Бидаштың әкесінің жағдайы өзінің туған күн кешінде күрт нашарлағаны хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Адам күніне неше рет тыныс алады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә