"Жақындарым бәріне дайын болған". Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатты

Мәдениет саласының үздігі, ақын, асаба Құрманай Бақтиярқызы жетінші рет ота жасатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақын бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды, төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген, дәрігердің сөзін естіген достар барлығына дайын тұрған. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен қуанышы", - деп жазған ол.

Еске салайык, бұған дейін ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!